Француз Альянсы кино-клубтары барлық тілек білдірушілерге, Альянс студенттері немесе сырттан келген қонақтарға француз тілін достық атмосферада тәжірибе жүзінде үйренуге мүмкіндік береді. Олар француз киносының классикаларын және қазіргі заманғы фильмдер, толықметражды фильмдер мен деректі фильмдерді тамашалай отырып, Франция мәдениетімен танысады.
Фильмдер француз тілінде орысша субтитрлармен көрсетіледі және фильмнің мазмұны бойынша талқылау жүргізіледі.
Кіру тегін, алдын ала тіркелу қажет.
Фильмдер, күні, уақыты және тіркелу шарттары туралы толық ақпарат алу үшін өзіңізге жақын Француз Альянсымен байланысыңыз немесе қалалар бойынша төменде көрсетілген мәліметтерді қараңыз.
Алматы
Киноклуб әр айдың соңғы жұмасында сағат 19.00-де Француз Альянсының кітапханасында өткізіледі.
Кіру тегін, алдын ала жазылу қажет емес. Фильмдердің көрсетілімі негізінен француз тілінде орыс субтитрлерімен өтеді, содан кейін фильмнің сюжеті немесе тақырыбы талқыланады.
Француз кинeматографиясы классикасы мен заманауи фильмдерді, көркем және деректі картиналарды көрсетудің басты мақсаты Сізге Франция туралы түсінік алуға және француз тілді елдердің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беру.
Фильм көрсетілімдері туралы қосымша ақпарат алу үшін Француз Альянсының қызметкерлеріне хабарласыңыз, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі біздің парақшаны бақылаңыз!
Астана
Киноклуб жұмы күндері Астана қаласының Француз Альянсында өтеді (Instagram және Telegram парақшаларымызда хабарландырулар жариялаймыз).
Алдын ала тіркелу арқылы кіру тегін (орындар саны шектеулі).
Фильмдер орыс субтитрлерімен француз тілінде көрсетіледі, одан кейін фильм талқыланады.
Қарағанды
Шымкент