Француз Альянстарындағы француз тілі клубтары барлық тілек білдірушілерге (Альянс студенттері мен басқалары) француз тілін достық атмосферада тәжірибе жүзінде үйренуге мүмкіндік береді.
Қатысу үшін әдетте орташа немесе жоғары деңгейдегі тіл білімі қажет.
Кездесулер Француз Альянсында өтеді.
Күні, уақыты және тіркелу шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін өзіңіздің Француз Альянсыңызбен байланысыңыз немесе төменде қалалар бойынша толық ақпаратты қараңыз.
Алматы
Алматыдағы Француз Альянсында сөйлесу клубтары әдетте әр сәрсенбіде сағат 19:00-де және әр сенбіде сағат 14:00-де тіл меңгерушілерінің жетекшілігімен өтеді.
Альянс студенттері үшін қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет. Басқалары да қатыса алады (қатысу құны бір сабақ үшін — 3000 тг ).
Қосымша ақпарат алу үшін біздің Instagram парақшамызға өтіңіз.
Кездескенше!
Астана
Француз тіліндегі сөйлесу клубтары Астана Француз Альянсында әр жұма күні сағат 18:30-да (ересектер мен жасөспірімдер үшін) және әр сенбі күні сағат 12:00-де (6-12 жас аралығындағы балалар үшін) өткізіледі. Кездесулер Франциядан келген тағылымгерлермен өтеді.
Қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет.
Толық ақпарат алу үшін біздің Instagram парақшамызға өтіңіз.
Баршаңызды күтеміз!
Қарағанды
Қарағанды Француз Альянсында апта сайын бейсенбі күні сағат 18.30-дан 20.00-ге дейінгі уақытта сөйлесу клубы жиналысы өтеді. Іс-шараны тіл игерушісі, Франциядан келген тағылымгер Элен өткізеді.
Альянстың қазіргі оқушылары үшін іс-шарада қатысу — тегін, басқалар үшін бір қатысудың бағасы — 5000 теңге.
Қосымша акпаратты біздің инстаграм парақшамызда таба аласыз: https://www.instagram.com/af.qaraghandy/
Баршаңызды күтеміз!
Шымкент
Француз тілін жетілдіріп, пікірлес адамдармен танысқыңыз келе ме? Біз Шымкент Француз Альянсының сөйлесу клубын ұсынамыз.
Біздің сөйлесу клубымызда тілді меңгеру деңгейіне қарамастан, достық атмосфераға енуге және қызықты әңгімелесушілерді табуға мүмкіндік береді!
Біздің кездесулер әр екінші сенбісінде сайын сағат 13.00-де өтеді.
Жуықта көріскенше!