RU KZ FR

Медиатека

Қазақстанның Француз Альянстарының медиатекалары – француз және франкофон әдебиеті мен мәдениетінің қоймалары, онда 10.000-нан астам туындылар ұсынылған. Көркем және оқу әдебиеттерін қамтитын баспа басылымдарынан басқа, медиатека қорында аудио және бейнематериалдар да бар. Медиатекаға кіру Шарл Перроның ертегілер әлеміне немесе Декарттың қатаң реттелген түсіндірмелеріне; жылы Бегбедердің махаббат азаптарына немесе Жюль Верннің жанды баурап алатын қызықты оқиғаларына терең бойлағысы келетіндердің барлығына ашық

Біздің топтама танымдық бейнелердің, дыбыс жазбаларының, сонымен қатар, барлық жастағы кино әуесқойларына арналған барлық жанрдағы көркем фильмдердің кең ауқымды таңдамалы жинақтарын ұсынады.

Біздің онлайн каталогтар:

Сондай-ақ, Медиатека сізге шетелдегі Француз мәдени желісінің сандық кітапханасы Сulturethèque платформасында француз тіліндегі 200 000-нан астам атаулы туындыларға (әдебиет, баспасөз, фильмдер, музыка және т.б.) онлайн қол жеткізуді ұсынады.

Француз әлемінің жаңалықтарын оқыңыз, сүйікті тақырыптарыңыз бойынша подкасттарды тыңдаңыз, круассан жасау бойынша нұсқаулық бейнелерді көріңіз және Сulturethèque көмегімен француз тілінен біліміңізді интерактивті түрде дамытыңыз!

Медиатеканы пайдалану шарттары

Оқу залында медиатека ресурстарын тегін пайдалануға болады.

Материалдарды үйге алу және Culturethèque платформасына кіруге рұқсаттама алу үшін абонемент алу қажет.

 

1. Медиатека мен Culturethèque жазылу үшін:

  • Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың суретін жіберу қажет;
  • Телефон нөмірі (whatsapp)
  • Төлем жасау және чекті жіберу;
  • Француз тілі оқытушыларына- жұмыс орнынан анықтама беру қажет.

2. Жылдық абонемент құны (+Culturethèque)

  • Астана қаласындағы Француз Альянсы шәкірттері үшін – 4000 теңге
  • Басқалар үшін – 5000 теңге
  • Тіркеу кезінде 7 жасқа дейінгі балалар мен француз тілі оқытушылары үшін – тегін

3. Төлем әдісі

Төлемді Француз Альянсының кітапханасында банктік картамен немесе қолма-қол ақшамен, сондай-ақ Kaspi қосымшасында жүзеге асыруға болады.

4. Материалды беру шарттары

Сіз төменде көрсетілген материалдарды үйге 3 апта мерзімге, қосымша тағы 3 аптаға ұзарту мүмкіндігімен ала аласыз:

  • 3 кітап (романдар, комикстер, француз тілінде жеңіл оқу);
  • 3 әдістемелік және оқу-әдістемелік құралдар (оқулықтар, грамматика бойынша оқулықтар, жіктеулер және т.б.);
  • 2 медиа материалдар (аудио немесе өркем фильмдер, деректі фильмдер).

 

Материалдар көрсетілген мерзімнен кешігіп қайтарылған жағдайда Оқырманнан әрбір құжат үшін және мерзімі өткен әрбір күн үшін 20 теңге көлемінде айыппұл алынады.

Медиатеканы пайдалану шарттары француз тілі оқытушыларына және өзге оқырмандарға бірдей.

Қосымша сұрақтарға жауап және ақпарат алу үшін төмендегі телефондары арқылы Медиатеканың үйлестірушісіне хабарласа аласыз:

 

830
+
әлемдегі Француз Альянстар
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Phasellus eu suscipit tortor. Aenean efficitur, magna non pellentesque finibus, nisi urna suscipit ex, non tincidunt ipsum dolor sed eros. Nunc tempor dictum vehicula.
135
+
қатысушы елдер
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Phasellus eu suscipit tortor. Aenean efficitur, magna non pellentesque finibus, nisi urna suscipit ex, non tincidunt ipsum dolor sed eros. Nunc tempor dictum vehicula.
2000
+
Қазақстандағы оқушылар
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Phasellus eu suscipit tortor. Aenean efficitur, magna non pellentesque finibus, nisi urna suscipit ex, non tincidunt ipsum dolor sed eros. Nunc tempor dictum vehicula.
Іс-шаралар
Француз Альянсының мәдени іс-шаралары