Егер сіз француз тілінде сөйлеу, француз мәдениетінің әлеміне ену, кітаптарды түпнұсқасында оқу, сүйікті әндеріңізді айтуды, олардың мағынасын түсіну, сондай-ақ кәсіби мүмкіндіктеріңізді кеңейту, саяхаттау және қызықты танысуларды армандайтын болсаңыз, біз сізді француз тілін бізбен бірге үйренуге шақырамыз!
Біздің ұстаздарымыз Францияда білім алған, қаладағы ең үздік мамандар. Біздің коммуникативті оқыту әдісіміздің арқасында сіз оқуыңыздың алғашқы күндерінен бастап француз тілінде сөйлесе аласыз.
Біз тіл үйрену төрт құзыреттіліктің бәріне ерекше назар аударамыз (Оқу, Тыңдап түсіну, Грамматика және лексика, Сөйлеу), бұл біздің студенттерге DELF-DALF халықаралық емтихандарын сәтті тапсыруға мүмкіндік береді.
Француз Альянсы барлық деңгейлерге арналған стандартты және интенсивтi француз курстарын ұсынады – бастауыштан жоғары деңгейге дейін .
Сабақтар оффлайн форматта Альянста немесе Zoom арқылы онлайн түрде, сонымен қатар оқушылардың мүмкіндіктері мен тілектеріне байланысты аралас форматта өткізіледі.
Жеке немесе арнайы құрылған топтарда оқу кезінде оқу мерзімі өзара келісім бойынша белгіленеді.
Маңызды! Француз тілінің курстарына жазылу үшін сіз француз тілінің нақты деңгейін / ішкі деңгейін білуіңіз керек.
Француз тілінің деңгейін растау үшін Альянс FEI (France Education International) Ev@lang әзірлеген, үш тілдік құзыретті бағалайтын ресми деңгей тестінен өтуді ұсынады: Compréhension écrite (Оқу), Compréhension orale (Тыңдау), Grammaire et lexique (Грамматика және лексика). Ev@lang үйде де, Альянс кеңсесінде де тапсыруға болады, онлайн тестілеу 45 минуттан аспайды, нәтижелер тест соңында беріледі.
Барлық сұрақтар бойынша және тестке тіркелу үшін курс үйлестірушісіне хабарласу керек.