Францияның Қазақстандағы Елшілігі Француз Альянстары желісімен, Қазақстандық француз тілі мұғалімдері мен оқытушылары қауымдастығымен және ММҒӘО-мен (Алматы) бірлесе отырып, қазақстандық француз тілі мұғалімдері мен оқытушыларына арналған жалпы көлемі 80 академиялық сағаттық сертификатталған біліктілікті арттыру семинарын өткізеді.
Оқу бағдарламасы екі кезеңнен тұрады:
- 1-кезең (40 сағат күндізгі оқу): 2026 жылғы 26–31 қазан аралығында Алматы және Астана қалаларында;
- 2-кезең (40 сағат онлайн оқу): бағдарламаның екінші кезеңі (16/01/2027 жылға дейін).
📍 Алматы қаласында өткізілу орны:
- 26 қазан 2026 жыл – Алматы Француз Альянсы (Сәтпаев көшесі, 7а/3);
- 27–31 қазан 2026 жыл – Сорбонна-Қазақстан Институты (Қазыбек би көшесі, 28).
📍 Астана қаласында өткізілу орны:
- 26 қазан 2026 жыл – Астана Француз Альянсы (Тәшенов көшесі, 25);
- 27–31 қазан 2026 жыл – М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті (Қорғалжын тас жолы, 8).
Қосымша мәліметтер:
- Спикерлер: Француз тілін шетел тілі ретінде оқыту (FLE) саласындағы француздық сарапшылар мен қазақстандық мамандар шақырылды. Олар заманауи оқыту әдістемелерімен, практикалық құралдармен және кәсіби тәжірибелерімен бөліседі.
Қатысу жарнасы: Француз тілі оқытушылары үшін қатысу тегін.


