DELF/DALF Blanc Француз емтиханы
Сіз әрқашан DELF/DALF халықаралық емтиханын тапсырғыңыз келді ме, әлде қазір оған дайындалып жатырсыз ба?
Біздің француз альянсы DELF/DALF Tout Public — DELF/DALF Blanc сынағынан өтуге мүмкіндік береді.
DELF/DALF Blanc дегеніміз не?
Бұл DELF/DALF сынақ емтиханы. DELF/DALF Blanc-ті тапсыру шарттары мен ережелері ресми DELF/DALF-тің тапсыруымен бірдей.
DELF/DALF Blanc пен ресми DELF/DALF арасындағы айырмашылық неде?
DELF/DALF Blanc тек 2 бөлімнен тұрады — Compréhension de l’oral (тыңдау) және Compréhension des écrits (мәтінмен жұмыс); ресми DELF/DALF-те олардың 4-і бар.
Неліктен DELF Blanc керек?
DELF/DALF Blanc — бұл өзіңізді шынайы DELF/DALF-қa дайындаудың тамаша мүмкіндігі: сізде DELF/DALF, оның тәртібі мен құрылымы, емтиханның әрбір бөлігіне қанша уақыт бөлу керек, қорқынышты басқаруды үйрену жәнестрессті жеңу туралы түсінік болады. DELF/DALF Blanc тапсыру арқылы сіз емтихан кезінде өз деңгейіңізді және бар олқылықтарыңызды білетін боласыз.
DELF/DALF Blanc қанша уақытқа созылады?
Әр деңгей үшін сынақ емтиханының ұзақтығы әртүрлі:
- A1 — 1 сағат (60 мин.)
- A2 — 1 сағат 10 минут (70 минут)
- B1 — 1 сағат 25 минут (85 минут)
- B2 — 1 сағат 45 минут (105 минут)
- C1 — 1 сағат 55 минут (115 минут)
DELF/DALF Blanc қанша тұрады?
A1-C1 деңгейлері үшін DELF/DALF Blanc құны — 9000 теңге
DELF/DALF Blanc күнін және жазбаның басталуын қайдан білуге болады?
DELF Blanc-ты жазу және өткізудің басталғаны туралы біздің Альянстың әлеуметтік желілері арқылы хабарланады. Сондай-ақ, сіз біздің курс пен емтихан координаторларынан ақпарат ала аласыз!
Қайда тіркелуге болады?
DELF/DALF Blanc емтиханына тіркелу және төлемді examens@af-almaty.kz электрондық поштасы арқылы жасауға болады.


