Француз Альянсы қауымдастығы 1883 жылы Парижде француз тілін тарату және мәдени алмасу мақсатында құрылған.
Қазіргі таңда әлемнің 132 елінде, 5 континентінде 830-дан астам Француз Альянсы жұмыс істейді. Қазақстанда Франция Елшілігінің қолдауымен жұмыс істейтін төрт Француз Альянсы бар. Олар Алматы, Астана, Шымкент және Қарағанды қалаларында орналасқан.
Француз Альянсының негізгі бағыттарының бірі – француз тілін оқыту және оны таныту. Біз студенттер үшін ең ыңғайлы жағдай жасаймыз және тілдік курстарды ең төменгі бағамен ұсынамыз.
Француз Альянсы – Францияның Білім министрлігінен француз тілінен ресми емтихандар өткізуге аккредитация алған біздің еліміздегі жалғыз орталық. Емтиханды тапсырғаннан кейін сіз халықаралық үлгідегі диплом аласыз.